Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша үш келісімшарт жасасты.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша үш келісімшарт жасасты.

2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жүргізілген тікелей келіссөздердің нәтижесі бойынша «Жылыой», «Аққұдық» және «Солтүстік-2» учаскелеріндегі күрделі жобалар бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық компанияларымен көмірсутектерді барлауға және өндіруге 3 келісімшарт жасасты.
Барлау кезеңінде жобаларға жоспарланған инвестициялар шамамен 23,7 млрд. теңгені құрайды.
Аталған учаскелерде мынадай жұмыстар жүргізілетін болады:
3D сейсмикалық барлау (далалық жұмыстар, өңдеу және түсіндіру 550 ш.км.);
жалпы үңгілеу кемінде 7 000 м үш тәуелсіз барлау ұңғымасын және кемінде 5 000 м үңгілеу екі тәуелді ұңғыманы бұрғылау; алынған деректердің нәтижелеріне байланысты «Жылыой» учаскесінде 3D сейсмикалық барлау, тереңдігі 4 500 м дейінгі бір тұзасты барлау ұңғымасын бұрғылау.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ стратегиялық серіктесі Қазақстанға алғаш рет инвестициямен еніп отырған ірі Қытайлық CNOOC компаниясы болып табылады.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ стратегиялық серіктестері «ҚазАзот» АҚ және «ҚОР мұнай компаниясы» АҚ Қазақстандық компаниялар болып табылады.