Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14233947, https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/345248?lang=kk)