Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ««Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды. Сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14228825,
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/343664?lang=kk