Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 және «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1419647,
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/338653?lang=kk)