Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14169073, https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/330722?lang=kk)