Меню

Страницы

Статья

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тексерісі нәтижесінде «ТехСпецСтрой. KZ» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті «Энергосистема» ЖШС-нің өтініші бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізді. Сол тексеру барысында «Тех Спец Строй. KZ» ЖШС-нің жер жұмыстарын жүргізуі кезінде Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларының талаптарын сақтамағаны анықтады. Соның салдарынан «Энергосистема» ЖШС-ға тиесілі «Актюбинская ПОШ-2» 110 кВ әуе желісі зақымданған.

Тексерудің нәтижелері бойынша, Комитеттің аумақтық департаменті «Тех Спец Строй. KZ» ЖШС-ны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 302-бабының 4-бөлігіне сәйкес 113 625 теңге сомасына қысқартылған іс жүргізу тәртібі бойынша әкімшілік жазаға тартты.
(фото ашық деректерден алынды)

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
19 ноября 2019
Дата обновления
19 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы