Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысына сәйкес республика бойынша мұнай өндіру көлемі 74,8 млн. тоннаны немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 100,3% құрады.
Еліміздің үш ірі мұнай-газ жобасында өндіру көлемі мынадай: Қашағанда – 11,5 млн. тонна, Теңізде – 24,6 млн. тонна, Қарашығанақта – 9,1 млн. тонна.
Ағымдағы жылы үш ірі жобада негізгі өндірісті толық тоқтату арқылы күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды:
- Қашағанда - 14.04.2019 – 19.05.2019 аралығында өткізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен 15 күн бұрын аяқталды;
- Теңізде – 01.08.2019 - 12.09.2019 аралығында өткізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен 3 күн бұрын аяқталды;
- Қарашығанақта жөндеу жұмыстары 15.09.2019 - 13.10.2019 аралығында өткізілді.
Негізгі өндірісті толық тоқтатқанға қарамастан, жылдың соңына өндірудің болжамды көлемі ұлғайды. Атап айтсақ, Қашағанда – 13,5 млн. тоннадан 14,5 млн. тоннаға дейін, Теңізде – 29 млн.тоннадан 29,6 млн тоннаға дейін, Қарашығанақта –11 млн. тоннадан 11,2 млн. тоннаға дейін артты.
Өндіру қарқынын ескере отырып, Министрлік еліміз бойынша жылдық өндіру болжамын 90,5 млн.тоннаға дейін көтерді. Бұл 2018 жылдың фактісінен жоғары, өткен жылы 90,4 млн.тонна көлемінде болған.
Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде мұнай экспорты 59,56 млн. тоннаны немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 100,9% құрады.
Бұдан басқа, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақта ірі ауқымды жобалар іске асырылуда. Атап айтсақ:
- Теңізді келешекте кеңейту жобасы – оның құны 36,7 млрд. АҚШ долл. Бұл жоба 2023 жылдан бастап жылдық өндіру көлемін 12 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жұмыстардың ағымдағы мәртебесі 28 млрд. АҚШ долл. көлеміндегі нақты игеруді көрсетті.
Бұл ретте жобадағы қазақстандық қамту – 36% немесе 7 млрд. АҚШ долл. астам.
Жалпы жұмыстар прогресі 70%-ды құрайды: 40 өндіру ұңғымасын бұрғылау аяқталды, Ерсай (Маңғыстау облысы) алаңында 62 модульдік эстакада және Кореяда 40 модуль әзірленді, 5-ші газ-турбиналық генератор әзірленіп, жеткізілді.
Жобада 48 000 қазақстандық жұмыс істейді.
- Қашағанның 1-ші кезеңін кеңейту жобалары өндіру көлемін 2022 жылы тәулігіне 420 мың баррельге және 2027 жылы тәулігіне 500 мың баррельге жеткізуге бағытталған.
Жобада 10 000-нан астам жұмыс орны құрылады.
- Қарашығанақта өндіру деңгейін ұзарту жобалары өндіру деңгейін ұзақ мерзімді кезеңге сақтауға мүмкіндік береді.
Жобалар бойынша ағымдағы мәртебе:
Газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау (ГӨШАТ) жобасы бойынша – 60,5%.
4-ші кері айдау компрессорын салу, егжей-тегжейлі жобалауға дайындау жобасы бойынша – 38,5 %.
5-ші магистральдық құбырды салу жобасы бойынша – 94 %.
Құрылыс жұмыстарына 7 000-нан астам қазақстандық қатысуда.
Геологиялық барлау секторында жер қойнауын пайдалану саласын реттеуді оңайлатып, теңіздегі геологиялық барлауға преференциялар жасалған соң, теңіз жобаларын іске асыру жанданды.
2025 жылға дейінгі кезеңге Исатай, Абай, Жеңіс жобалары бойынша инвестициялар көлемі шамамен 136 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.
Хазар және Қаламқас-теңіз жобалары бойынша аумақты республикаға қайтару туралы шешім қабылданды, Министрлік жобаларды одан әрі іске асыру бойынша тиісті Жол картасын пысықтауда.
Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде мұнай өңдеу көлемі 14,2 млн. тоннаны құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсім көрсетті.
Мұнай 5 зауытта өңделеді:
- Павлодар МӨЗ-інде 4,4 млн.тонна немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 100,3%;
- Шымкент МӨЗ-інде 4,5 млн.тонна мұнай немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 115,6%;
- Атырау МӨЗ-інде 4,4 млн.тонна мұнай немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 101,1%;
- CASPI BITUM (Маңғыстау облысы) зауытында 765 мың тонна немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 104,3%;
- «Конденсат» АҚ-да (Батыс Қазақстан облысы) 116 мың тонна мұнай немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 74,3% өңделді.
Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін – бензин, дизель отынын, авиакеросин және мазутты өндіру 10,5 млн. тоннаны құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,2 %-ға өсім көрсетті.
Автобензин – 3,6 млн. тонна немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 112,5%.
Дизель отыны – 4,1 млн. тонна немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 108,1%.
Әуе отыны 524,5 мың тонна немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 182%.
Мазут 2,3 млн. тонна немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 99,5% өндірілді.
Автобензин өндіру көлемі еліміздің ішкі тұтынуын толық қамтамасыз етеді.
А.ж. шілде айынан бастап автобензин экспорты басталды, экспорт көлемі 42,6 мың тоннаны құрады.
Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде газ өндіру көлемі 46,3 млрд.текше м құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 %-ға өсім көрсетті.
Тауарлық газ өндіру көлемі 27,12 млрд.текше.м немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 98,6% құрады.
Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,8 млрд.текше м құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 %-ға өсім көрсетті.
Газ экспорты 15,3 млрд.м3, немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 91,1% құрады.
Экспорт көлемінің төмендеуі газды ішкі тұтынудың ұлғаюына байланысты болды.
Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,6 млн. тоннаны немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 101,7% құрады.
Елімізді газдандыру 50%-ға жетті, ал 9 млн. астам адам газға қол жеткізді. Өңірлерде ағымдағы жылы 73 газ инфрақұрылымын салу жобасы іске асырылатын болады.
Нұр-Сұлтан қаласын, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу аяқталуда.
2019 жылғы 8 қараша жағдайы бойынша, жұмыс мәртебесі мынадай:
Желілік бөлік бойынша барлық 1061,3 км немесе 100% магистральдық газ құбыры дәнекерленіп салынды.
5 автоматтандырылған газ тарату станциясынан барлық 75,044 км немесе 100% бұратын газ құбыры дәнекерленді.
Автоматтандырылған газ тарату станциясының жабдығы 100% жеткізілді.
Ағымдағы жылғы желтоқсан айында магистральдық газ құбырын іске қосу жоспарланып отыр: барлық объектіні – 5 автоматтандырылған газ тарату станциясын, Газ өлшеу станциясын және Басқару пунктін салу аяқталатын болады.
Қарағанды облысында а.ж. желтоқсан мен 2020 жылғы қаңтар айында алғашқы газ тұтынушыларда газға қосу күтілуде:
- Жезқазған қаласында: 8 көше – Талап кентінде 148 тұрғын үй және Пристанционный (Балхаш және Железнодорожный) кентінде 2 көше – 100 үй;
- Теміртау қаласында: Разин көшесінде 100 үй;
- Қарағанды қаласында: Бадин, Олимпийская, Заводская көшелерінде 150 үй.
Ақмола облысында Аршалы және Целиноград аудандары бойынша газ желілерін 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша газ желілерін салудың бірінші кезеңін 2020 жылы күзде аяқтау жоспарланған.
Мұнай-химия секторы.
Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде битум өндіру көлемі 702 мың тонна немесе 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 100,3% құрады. Осы өндіру көлемі еліміздің жол саласының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде Атырау МӨЗ-інде 107 мың тонна хош иісті көмірсутектер (бензол, параксилол) өндірілді.
А.ж. тамыз айында Алматы облысында өндіру қуаты жылына 100 мың тонна болатын Жағармай өндіру зауыты пайдалануға берілді (құны 94 млн. АҚШ долл.).
Осы өндіріс ішкі нарықтың жағармайға деген қажеттілігін жабуға, сондай-ақ жақын шетелге экспортты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру кешенін салу жалғасып жатыр.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, вахталық қалашықты және теміржол инфрақұрылымын салу аяқталды. Жобада 1668 қазақстандық жұмысшы қамтылған. Жобаны аяқтау мерзімі – 2021 жыл.
Электр энергиясын өндіру секторында ағымдағы жылдың 10 айы ішінде қуаты 402 МВт болатын 14 жаңартылатын электр энергиясы объектісі іске қосылды.
Жылдың соңына дейін қуаты 104,8 МВт жаңадан 4 жаңартылатын электр энергиясы объектісі іске қосылатын болады.
ЖЭК электр энергиясын өндіру көлемі ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 1,7 млрд.кВт/сағ құрады, 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 65%-ға өсім көрсетті.
Республика бойынша жалпы 2018 жылмен салыстырғанда:
- ЖЭК объектілерінің саны 2019 жылы 20 объектіге артты: 67-ден 87-ге дейін;
- ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты 1,9 есе артты: 2018 жылғы 537 МВт-тан 2019 жылы 1042 МВт-қа дейін.
2020 жылы республика бойынша жалпы жиынтық қуаты 1610 МВт болатын 108 жаңартылатын энергетика объектісі жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында 205 МВт-қа аукцион өткізілді. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша, жалпы белгіленген қуаты 162,89 МВт болатын 12 ЖЭК жобасы іріктелді. Оның ішінде жел электр станциялары – 108,99 МВт, күн электр станциялары – 36,5 МВт, су электр станциялары – 7 МВт және биоэлектр станциялары – 10,4 МВт.
Уран өндіру көлемі шамамен 18,7 мың тоннаны құрап, 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 5%-ға өсім көрсетті.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі