2022 жылғы 11 маусымда сағат 9:30-да Алматы қаласының «Әлеуметтік қызметтер үйінде» (мекенжайы: Достық даңғ., 85) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Алматы қаласының халқымен кездесуі өтеді.
Азаматтарды белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының Энергетика министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.
Сұрақтар b.kaulbaev@energo.gov.kz, m.bakitkaliyeva@energo.gov.kz пошталары және +7 (775) – 855 55 19, +7 (747) – 402 65 21 (WhatsApp) телефон нөмірлері арқылы қабылданады.
Сондай-ақ, халықпен кездесу шеңберінде +7 (775)-457 29 98 телефон нөміріне хабарласып, Министрдің жеке қабылдауына жазылуға болады.