Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңестің құрамына және резервіне мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс

 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭМ) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 Қазақстан Республикасының Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесі құрамына (1бірл.) және резервіне (7бірл.) мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығы не сотталмағандығы  туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады. 

 ҚР ЭМ Қоғамдық кеңесінің құрамы – 21 адамға дейін (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ішінен өкілдер – 16 адамға дейін, ҚР ЭМ өкілдері – 5 адамға дейін), Қоғамдық кеңестің резервтік құрамы – 9 адамға дейін бекітілген (2 адам 01.07.2022 ж. дейін резервте).

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды (2022 жылғы 5 мамырдан бастап 2022 жылғы 20 мамырды қоса алған мерзімде сағат 18.30-ға дейін).

Қатысу үшін құжаттар мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі):

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19, «ҚазМұнайГаз» ғимараты, А блогы, электрондық пошталар: m.kunzhaksina@energo.gov.kz, b.ilimzhanov@energo.gov.kz

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-69-93, 78-69-04.

Анықтама:

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 9 бабы 4-тармағына сәйкес: Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.

 

Дата публикации
05 мая 2022
Дата обновления
06 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы