Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанынан салалық терминдерді жетілдіру және жүйелеу мақсатында салалық терминологиялық жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының құрамына Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерінің басқарма басшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары кіреді.




Жұмыс тобының отырыстарында қалыптастырылған терминдер талқыланып, сараланады және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияның қарауына және бекітуіне жіберіледі.
Аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін энергетика, жер қойнауын пайдалану, газ және мұнай өнеркәсібі, атом энергетикасы салаларында жұмыс істейтін мамандардың пікірін ескеру мақсатында қалыптастырылған терминдердің жобасы әлеуметтік желілерде де талқылануы қажет деп ойлаймыз.
Осыған байланысты, осы салалардағы құзыретті мамандарды фотода келтірілген терминдер бойынша комментарийлерде өз пікірлерін білдіруді сұраймыз.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі