2019 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алаңында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының басшылығымен Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мәселесі бойынша отырыс өтті.
Отырыста адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан аумағында электр энергиясын өндірудің, берудің, техникалық диспетчерлендірудің және тұтынудың сенімділігін, қауіпсіздігі мен үнемділігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Отырыста Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаментінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің (селекторлық режимде), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшылары, сондай-ақ энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына, «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы», «Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары», «Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары» өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді.