2019 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алаңында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының басшылығымен адамдардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында және атом энергиясын пайдалану кезінде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мәселесі бойынша отырыс өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, сондай-ақ мынадай ұйымдардың өкілдері қатысты: «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС», «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, Қазақстан алюминийі АҚ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді, атап айтқанда:
1) «Атом энергиясын пайдалану туралы», «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;
2) «Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі», «ядролық және радиациялық қауіпсіздік» және «атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенттері;
3) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;
4) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері;
5) Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау ережесі, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау ережесі, ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптама жүргізу ережесі, атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру ережесі, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау ережесі, ядролық материалдарды тасымалдау ережесі, Радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидалары.
Барлық қажетті өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылы іске асырылатын нормативтік құқықтық актілерде көрініс табады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» формуласы мүдделі тараптардың барлық сауалдарына жедел және конструктивті жауап беруі тиіс.
Осыған орай, Энергетика министрлігі халықпен және бизнеспен тиімді коммуникация жүйесін жолға қою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Оның көрсеткіші дөңгелек үстел, тікелей және кері байланыс үшін қолданыстағы алаң болып табылады.