Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасында табиғи уранды өндіруді және өңдеуді жүзеге асыратын «ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ үлестік қатысушы болып табылатын «Катко» Қазақ-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ға және «Инкай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізген болатын.
Тексеру барысында, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын қондырғылардың, радиоактивті қалдықтардың айналымы кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде құқықтық нормативтік актілердің талаптарын, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлеріне қойылатын талаптарды сақтау бойынша бұзушылықтар анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, істерді қарау барысында әкімшілік жаза қолданылды.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі