Меню

Страницы

Статья

ҚР Энергетика министрі жыл сайын Абу-Дабиде өткізілетін 22-ші Халықаралық мұнай-газ көрмесі мен конференциясының (ADIPEC) жұмысына қатысты

Ағымдағы жылдың 11-12 қарашасында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев жыл сайын Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) өткізілетін 22-ші Халықаралық мұнай-газ көрмесі мен конференциясының (ADIPEC) жұмысына қатысты. Биылғы жылы ол мұнай-газ саласының болашақ дамуын талқылауға арналған.

Конференцияға сонымен қатар БАӘ мемлекеттік министрі Сұлтан Ахмед Аль-Джабер, БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейль Мохаммед Аль-Мазруи, АҚШ - тың экс-Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс, Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрі Шри Дхармендра Прадхан, ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо, Еуропа, Азия, Африка мұнай-газ салаларының министрлері және т.б. ресми тұлғалар қатысты.

Конференция аясында Қ. Бозымбаев БАӘ энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейль Мохаммед әл-Мазруимен кездесу өткізді. Осы кездесу аясында жетекшілік ететін салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, «Borealis» компаниясының басқарма төрағасы А. Штернмен кездесу өткізілд,. оның аясында тараптар Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын іске асыру барысын талқылады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
12 ноября 2019
Дата обновления
12 ноября 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы