Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына және «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы Министрліктің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14071449, https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/295878?lang=kk)