Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде 2020 жылдын 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2020 жылдын 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдын 1 тоқсанында Министрліктің «Азаматтардың өтініштері» базасына барлығы 387 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 203 және заңды тұлғалардан - 184.

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 7 бірлікке азайды.

Жоғары тұрған ұйымдардан 60 өтініш қайта жолданды, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 31, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 15,
ҚР Парламенті – 14.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:

  • электрэнергетика, электр және жылымен қамтамасыз ету, атом саласы, ЖЭК– 30 %;
  • газбен жабдықтау – 21 %;
  • мұнай – 14 %;
  • жер қойнауын пайдалану - 12 %;
  • мемлекеттік құрылыстын жалпы мәселелері – 7 %;
  • табиғи шикізат ресурстарын пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату – 4 %;
  • мұнай –газ кешеніндегі еңбек және әлеуметтік мәселелер - 2 %;
  • басқа – 10 %.

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-89 телефон арқылы Динара Қажығалиқызы Даулетоваға хабарласыңыздар.

Министрлік басшылығының жеке қабылдауына жазылу үшін мына:8 (7172) 78-68-08 телефон арқылы Ақжайық Барлыбайқызы Ахметжановаға хабарласыңыздар.

Дата публикации
02 апреля 2020
Дата обновления
02 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы