Меню

Страницы

Статья

Парламент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады

2019 жылдың 3 сәуірінде Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Ресей Федерациясына ресми сапар шеңберінде Келесімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау құқықтық негіздерін анықтау.

Осы Келісім Байқоңыр қаласының тұтынушыларын қолжетімді және экологиялық таза отын түрімен – табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұрын Байқоңыр қаласында халық сұйытылған мұнай газды (немесе пропан-бутан қоспасы) пайдаланды, Ресей Федерациясынан жеткізуді ресейлік кәсіпорын – «Газ шаруашылығы» ЖБК жүзеге асырғанын болды. Сұйытылған мұнай газының бағасы 343 теңге/кг (714 теңге/м3) құрады.

Келісімге қол қойылғаннан кейін тұтынушыларды сұйытылған мұнай газынан табиғи газға көшіру жүзеге асырылды.

Бұл ретте, Байқоңыр қаласының тұтынушылары үшін табиғи газдың бөлшек бағасы Қызылорда облысының тұтынушылары үшін бағаға сәйкес келеді және: халық үшін – ҚҚС-сыз 18,6 теңге/м3, заңды тұлғалар үшін –  ҚҚС-сыз 18,9 теңге/м3 құрайды.

Осылайша, Байқоңыр қаласының тұтынушыларына, оның ішінде қазақстандық және ресейлік тұтынушыларға, коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын бірраз азайтуға мүмкіндік беріледі, бұл олардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді, сондай-ақ Ресей Федерациясымен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға оң әсер етеді.

Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласында табиғи газға 328 тұрғын үй, 150-ден 45 жеке үй ауыстырылды. Сондай-ақ, табиғи газға 3 балабақша, 5 жалпы білім беретін мектеп және көп бейінді аурухана қосылған.

Келісімде анықталғандай:

- Байқоңыр қаласын газбен жабдықтауды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және/немесе оның Қызылорда өндірістік филиалы жүзеге асырады. Газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет Байқоңыр қаласының аумағында тіркеусіз жүзеге асырылатын болады, бұл қосарланған салық салуды болдырмауға мүмкіндік береді;

- Байқоңыр қаласының тұтынушыларына газды бөлшек саудада өткізу бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады және Қызылорда облысының газ тұтынушылары үшін табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілейтін бағаға сәйкес келуі тиіс;

- тұтынушыларға газды өткізу бойынша өзара есеп айырысу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем күнгі бағамы бойынша ұлттық валютада немесе ресей рублінде жүргізіледі.

Жалпы, Келісімді ратификациялау келесі артықшылықтарды береді:

- Байқоңыр қаласының тұтынушылары, олардың шамамен 60 %-ы –  қазақстандық азаматтар, бұрын тұтынылатын сұйытылған мұнай газынан едәуір арзанырақ қолжетімді және экологиялық таза отын – табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етілетін болады;

- Байқоңыр қаласында газ жеткізуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырады;

- газ жеткізу, баға белгілеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік шарттарын жасасу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғана жүзеге асырылады.

Дата публикации
12 марта 2020
Дата обновления
19 марта 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы