Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 Қазақстан Республикасының Заңына және Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Сондай-ақ, жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатыса алады.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды (2022 жылғы 12 қаңтардан бастап 26 қаңтарды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде құжаттарды қолма-қол береді немесе көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
Жұмыс тобының отырыстары эпидемиологиялық шектеулерге байланысты «Zoom» арқылы өткізілуі мүмкін.
Қатысу құжаттары мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі): Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19, «ҚазМұнайГаз» ғимараты, А блогы, Электрондық пошта: s.alpysova@energo.gov.kz, b.ilimzhanov@energo.gov.kz.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-69-30, 78-69-01, 78-69-04 немесе ұялы телефондар 8 702 460 0826, 8 702 131 07 41.