Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды:
Лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде, сондай-ақ лицензияның және оған қосымшаның телнұсқасын беру кезінде қызметтің әрбір кіші түрі үшін лицензия және лицензияға қосымшаны беру кезінде белгіленген мөлшерлеменің 8%-ы, яғни өтініш электрондық берілген жағдайда 8 АЕК немесе 24 504 теңге мөлшерінде лицензиялық алым алынатын болады.
Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» болып өзгертілетін болады. Сондай-ақ, 13 кіші қызмет түрінің атаулары және «Е-лицензиялау» (Elicense) порталында «Мәліметтер нысаны» қосымша бетін толтыру кезінде кейбір талаптар өзгертіледі.
Бүгінгі таңда Министрлік Elicense порталында жоғарыда аталған өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, қызмет түрі мен кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және оған қосымшаны қайта ресімдеуге құқығы бар екенін еске саламыз.