«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 5-тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ желісі ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады, олар тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті.
Заңның бұл нормасы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында жасалғанын атап өтеміз.
Сондай-ақ, сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда автогаз құю станциясы арқылы өткізу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 170-бабы 3-бөлігіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын хабарлаймыз.