Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісіміне өзгеріс енгізу туралы» Хаттама жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12151344, https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/222614?lang=kk)