2021 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша
аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша
вебинарға шақыру
Сіздерді «2021 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинарлар сериясын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, USAID, «КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қатысуымен ұйымдастырды.
Осы вебинарлардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады. Вебинар шеңберінде «Сұрақтар мен жауаптар» сессиясы да көзделеді.
Күні мен уақыты:
2021 жылғы 14 қазан / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
2021 жылғы 19 қазан / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
Тіркеу үшін:
https://us02web.zoom.us/j/88107048963?pwd=a0pUTGtyWFhTM2tiZXhxRzlmcEwvdz09
Назар аударыңыз: ZOOM платформасындағы вебинарға алғашқы 100 қатысушы қатыса алады.