Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, атом энергиясы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға, халықаралық құжаттарды әзірлеу және іске асыру мониторингі жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысына сәйкес үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлерде халықаралық іс-шараларды, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) отырыстарын өткізуді, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыруды ұйымдастырады.