2018 жылғы 20 ақпанында Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Мұнай және газ бойынша Консультативтік комитеттің 10-шы отырысы өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
1. ЕуразЭО-ның бірыңғай газ, мұнай және мұнай өнімдерінің нарығын қалыптастыру жөніндегі Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мәселелері (бағыттары) бойынша жұмыс топтарын құру мәселесі;
2. Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығында газ сатудың коммерциялық табыстылығын қамтамасыз ететін нарықтық бағаларды анықтауға келісілген тәсілдерді әзірлеу мәселесі;
3. ЕуразЭО-ның «Тасымалдау және (немесе) пайдалануға арналған табиғи газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің күшіне ену күнін анықтау туралы және т.б.
Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.