Меню

Страницы

Статья

Жаңа газ құбыры 3 млн қазақстандықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

2018 жылғы 16 наурызда ҚРҮкіметінде ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» атты Президенттің бесінші бастамасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.

2014 жылы ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған бас схемасын бекітті. Аталған схемаға сәйкес 2030 жылға қарай халықты газдандыру деңгейін ағымдағы 47%-дан 56% дейін жеткізу көзделген. Бұл қосымша 3 млн. тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік жылдарында газды ішкі тұтыну 1,5 есеге артты (1991 жылы 9 млрд. м3-ден 2017 жылы 13,8 млрд. м3 дейін).

Орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында ҚР Үкіметі 2 негізгі нұсқа пысықтады:

1. Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана бағыты бойынша «Батыс – Солтүстік – Орталық» магистральдық газ құбыры, онда газды Қостанайдан жеткізу көзделген.

2. «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана– Көкшетау-Петропавл» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры.

«Сарыарқа» жобасын іске асыру салыстырмалы құны бірдей болған жағдайда газбен жабдықтауды барынша қамтуға мүмкіндік береді, индустриялық дамыған өңірлер арқылы өтеді. Осыған орай аталған жоба алдағы уақытта іске асыру үшін белгіленді.

«Сарыарқа» жобасының жалпы құны 370 млрд.теңгені құрайды (ҚҚС-мен).

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұзындығы 1081 км, құны 267,3 млрд. тг болатын «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау-Астана» бағыты бойынша бірінші кезең пысықталуда.

Газ құбырының аталған учаскесі Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және магистральдық газ құбыры трассасының бойындағы жақын жердегі елді мекендердің халқын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Сарыарқа» жобасын іске асыру Астана қ. ластаушы заттардың шығарындыларын жылына 36,1 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

«Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу кезеңінде шамамен 800 жұмыс орны және іске қосу кезеңінде 225 жұмыс орны пайда болады.

 

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

Дата публикации
16 марта 2018
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы