Меню

Страницы

Статья

Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссия отырысына Баспасөз релизі

Ағымдағы жылдың 28 наурызда Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Мұнай және газ жөніндегі комиссияның отырысында келесі мәселелер қарастырылды:

1. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарымен отандық нарықта ЖЖМ үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету бойынша жұмысты пысықтау;

2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұлттық оператордан сатып алынатын тауарлық газды сату үшін құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық кемшіліктерді жою туралы есепті тыңдау;

3. Қарағанды бассейнінен көмір қабаттарынан метанды өндіруді дамыту;

4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекске сәйкес жаңа механизмдер және ережелер туралы.

Отырысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері, Министрліктің, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағының өкілдері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша Комиссия жетекшісі Б.Ауетаевпен ішкі нарықтың қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ететін нақты уақыт туралы мәселені көтерді, сондай-ақ ресурстарды ұстаушылардан мұнай өнімдерін сататын көптеген делдалдық құрылымдарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.   

Екінші мәселе бойынша Комиссия мүшесі В.М. Борисовпен газ және газбен жабдықтау саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Министрліктің «ҚазТраснГаз» АҚ тығыз өзара байланыс механизмін пысықтау мәселесі көтерілді.

Үшінші мәселе бойынша «ҚазТраснГаз» АҚ өкілдерімен көмір қабаттарынан метан өндіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы егжей-тегжейлі баяндалды және осы жобаны одан әрі зерттеу үшін қаржыландыру жолдарын іздеу мәселесін көтерілді.

Осы мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыныстар берілді.

Дата публикации
30 марта 2018
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы