2018 жылғы 27-30 наурыз аралығындағы кезеңде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) өкілдерімен және сарапшыларымен ынтымақтастықта «АЭС салуға арналған алаңды таңдауға талаптар» семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның, «Ядролық физика институты» РМК-ның, «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК-ның, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның және «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі» ҒТО-ның өкілдері қатысты.
Қазақстандық мамандар Қазақстан Республикасында ядролық инфрақұрылымының жағдайы туралы және ҚР аумағындағы АЭС орналастыруға арналған алаңды таңдаудың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында АЭС салу алаңын таңдауға заңнамалық талаптар ұсынылды.
Семинар барысында сондай-ақ алаңды сыртқы оқиғалармен ескере отырып таңдау мәселелері, АЭХА қауіпсіздік стандарттары – Алаңды таңдау және бағалау бойынша АЭС үшін алаң таңдау кезіндегі қызметті реттейтін талаптар мен нұсқаулықтар талқыланды. Тәжірибелік топтық оқулар кезінде қатысушылар кандидат алаңдарды таңдау және іріктеу бойынша жаттығуларды орындады. Бұл ретте АЭХА сарапшылары АЭС салу үшін алаңды таңдау бойынша халықаралық тәжірибемен таныстырды.