Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалымен бірге Павлодар облысының өңірлік байланыс қызметінің базасында ағымдағы жылдың 14 наурызда пресс-конференция өткізілді.
Ақсу ферроқорытпа зауыты –«Еуразиялық топтың құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – әлемдік ферроқорытпа өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі. Кәсіпорынның құрамында төрт балқыту цехы, шихта дайындау цехы, шлак өңдеу цехы, агломерациялық цех және басқа бөлімшелер бар. Кәсіпорын жылына 1 млн. тоннадан астам түрлі маркалы ферроқорытпа шығарады.
Кәсіпорын директоры Прокопьев Сергей Леонидович айтқандай, Ақсу ферроқорытпа зауытының табиғатты қорғау бағдарламасының негізгі бағыттары қолданыстағы газ тазалайтын жабдықтарды жаңғырту және қайта құру бойынша шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаға өндірістік қалдықтардың орналасуын оларды өңдеу және кәдеге жарату жолымен қысқарту жөніндегі шаралар болып табылады.
Осы бағытта ресурстарды қайта пайдалану және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы өндірістік қызмет барысында Ақсу ферроқорытпа зауытында шамамен 1 миллион тонна шлак пайда болған. Тиісті бөлімшеде барлық көлемнен металл концентраты шығарылған (пешке қайта жіберілді) және тауарлық өнім қиыршық тас өндірілген, ол жол жұмыстарында сұранысқа ие. Сонымен қатар, кәсіпорын біртіндеп шлактың жинақталған көлемін өңдеуге кірісті, ол әзірленген бағдарламаға сәйкес 2034 жылға дейін толығымен қайта өңделуі жоспарланған.
Сондай-ақ, екінші рет шаң мен газ тазарту жүйелері арқылы қалпына келтірілген ферроқорытпа өндірісінің шаңы қолданылады, агломерат өндірісінде зарядтаушы материалдардың құрамдас бөлігі ретінде руда және коксты кәдеге жаратуды қолданады. 2017 жылы зауыттың агломерациялық цехінде шамамен 10 мың тонна шаң өңделген.
Сондай-ақ өндіріске ферроқорытпа газын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде – агломерация процессіндежәне кәсіпорынның қазандықтарының жұмысында, мазут пен көмірді ауыстыру арқылы. 2017 жылы тек қана феррогазын тұтынудың артуы есебінен көмірді үнемдеу 8 мың тоннаны құрады.