2018 жылғы 4 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Джақсалиевтің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президенті жолдауын іске асыру бойынша «Ресурстарды тиімді пайдалану» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Елімізде жаңартылатын энергия үлесін арттыру, «жасыл» технологияларға көшу, тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жарату және қайта өңдеу арқылы ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту – Мемлекет басшысы Жолдауында белгілеген басымдықтардың бірі болып табылады.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында табиғи ресурстардың таусылуы – қазіргі әлемнің басты проблемаларының бірі болып табылады және электр энергетикасында келесі мақсаттар қойылған: 2030 жылға қарай баламалы (ірі ГЭС, атом – 20%) және жаңартылатын (10%) энергияның үлесі 30 пайызға дейін жетуі қажет.
Жаңартылатын энергетика нарығы жыл сайын өсуде, 2017 жылы 1,1 млрд.кВт-сағ. энергия өндірілді (2016 жылы – 0,928 млрд. кВт-сағ.).
Өткен жылы жаңартылатын энергия көздерінің 5 нысаны пайдалануға берілді (3 ГЭС, 1 жел электр станциясы, 1 күн электр станциясы). Ағымдағы жылы жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуаты 123 мегаватты құрайтын 10 нысанды іске қосу жоспарлануда.
Аукциондық механизмге көшу бір жағынан, жобалар мен инвесторларды таңдау процесін ашық әрі түсінікті етуге, ал екінші жағынан – жаңартылатын энергия көздері қуатын енгізудің соңғы тұтынушылар тарифтеріне әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді технологиялар мен жобаларға үміт артуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы алғашқы рет жалпы қуаты 1 гигаватты құрайтын (күн электр станциялары – 290 Мвт, жел электр станциялары – 620 МВт, ГЭС – 75 МВт, БиоЭС – 15 МВт) жаңартылатын энергия көздері жобаларына халықаралық аукциондық сатылымдар өткізіледі. Бірінші сатылымдар ағымдағы жылдың 23 мамырына көзделген.
Бүгінгі күнге қалдықтарды басқару саласындағы жағдай мынадай:
- өңделген және кәдеге жаратылған өндіріс қалдықтарының үлесі 30,9 пайызды құрады (2016 жылы – 26,8 пайыз);
- өңделген және кәдеге жаратылған тұрмыстық қатты қалдықтардың үлесі 9 пайызды құрады (2016 жылы – 2,6 пайыз);
- қалдықтарды шығару және жинау қызметтерімен халықтың 69 пайызы қамтылған (2016 жылы – 64 пайыз);
- экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларға сәйкес келетін полигондардың үлесі 16 пайызды құрады (2016 жылы – 15 пайыз).
2018 жылы келесі мақсаттарға жету жоспарланып отыр:
- өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату үлесін 32 пайызға, тұрмыстық қатты қалдықтардың үлесін – 11 пайызға дейін;
-қалдықтарды шығару қызметтерімен халықтың 75 пайызын қамту;
- экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларға сәйкес келетін полигондардың үлесін 23 пайызға дейін жеткізу.
2018 жылы Экологиялық кодекстің тұжырымдамасын әзірлеу және оны заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу жоспарлануда. Кодекстің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына 2019 жылдың аяғында енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 2017 жылы парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласында заңнамалық база жетілдірілгендігін атап өту маңызды. .
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары бекітілді. Квоталарды бөлу әдісін таңдау бойынша құқығын кәсіпорындарға бере отырып, кәсіпорындар үшін квоталар екі әдіспен бөлінді: 1) тарихи көрсеткіштер бойынша және 2) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану арқылы.
Мемлекет басшысы Жолдауында «жасыл» технологияларға инвестициялауда бизнесті ынталандыру қажеттілігін көрсетті.
Министрлік аталған тапсырманы орындау мақсатында мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып «жасыл» жобаларды мемлекеттік қолдау мен «жасыл» қаржыландыруды көздейтін шараларды пысықтау бойынша жұмысты бастады.
ЭКСПО-ның аумағында құрылып жатқан «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталық ең үздік қол жетімді технологиялардың реестрін (тізімін) қалыптастырумен, индустриялық инновациялық қызмет субъектілеріне жобаларын одан әрі жүзеге асыруға технологияларды пайдалану саласындағы сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдарды берумен айналысатын болады.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі