Меню

Страницы

Статья

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі деп. директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті

Бүгін, яғни 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин  Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.                         

Кездесу барысында А.Бердалин мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы жайында, мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау мәселелері жайында сөз қозғады.

«Биылғы мемлекеттік қызмет саласындағы реформаның бірі Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында факторлық-балдық шкаласын қолдану арқылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшуі туралы айтып өткім келеді.

Қазіргі күні жаңа жүйе Агенттік және оның аумақтық департаменттері, Әділет министрлігі және Астана қаласы мен Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне сынамалы тәртіпте енгізілді.

Ол ай сайынғы жалақыны есептеуге және бонустық төлемдерге қатысты өзгерістерді қамтиды.

Яғни, белгіленген бөлік – бұл факторлы-балдық шкала негізіндегі қызметшінің кепілді еңбекақысы, ауыспалы бөлігі – бонустар.

Бұл тек лауазымның деңгейін және мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін ескеретін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді» ,- деді Арман Бердалин.

Сонымен қатар,  кездесу барысында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытының ерекшелігі мен қандай тәсілдер арқылы жүргізілетіндігі жөнінде айтып өтті.

Кездесуге қатысқан мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандарып жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Дата публикации
06 апреля 2018
Дата обновления
26 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы