Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Словакия арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөнінде Братиславада талқыланды.

2018 жылғы 10-11 сәуір аралығында Братислава қ. (Словакия) ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен Словак Республикасының Экономика министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Войтех Ференцтің төрағалығымен қазақстан-словак сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі 7-ші Үкіметаралық комиссиясының отырысы өткізілді.
Отырыс барысында екі тарап энергетика, инвестиция және банктер, ауыл шаруашылық, су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау, өзара құқықтық көмек көрсету, білім, ғылым, денсаулық сақтау, туризм және мәдениет саласында өзара іс-қимылдың жағдайы мен даму болашақтарын жан-жақты талқылады.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына Словакияның «Энергия болашағы» тақырыбында өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы мен Астана қаласына словак делегациясының үш үлкен ресми және іскер сапарлары негізгі түрткі болғаны туралы атап өтілді.
Тараптар ЭКСПО негізінде жаңа ірі жобаларын жүзеге асыру шеңберінде словак компанияларына жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып өтті, яғни ең алдымен, бұл «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту бойынша халықаралық орталық және IT-стартаптардың халықаралық технопаркі жөнінде.
2017 жылы Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы 53,1 млн АҚШ долларын құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 39,8% жоғары (37,962,2 млн. АҚШ долл). Осылайша, өзара тауар айналымының көлемі екі жылдық (2015-2016 жж) құлдыраудан соң оң динамикасын көруге болады.
Тараптар нақты шешімдерге қол жеткізіп, екі елдің мүддесі үшін сауда-экономикалық қатынастарды белсендіру мақсатындағы нақты бағыттар мен ынтымақтастық әлеуетін іске асыру жолдары айқындады.
Отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары Бақытжан Жақсалиев пен Войтех Ференц қорытынды хаттамаға қол қойды.
Келесі Қазақстан-Словак Үкіметаралық комиссиясының отырысы Астанада өтеді

  •  
  •  
 

 

Дата публикации
12 апреля 2018
Дата обновления
26 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы