Баспасөз аңдатпасы
2018 жылғы 26-27 сәуірде Астана қаласындағы THE RITZ CARLTON қонақүйінің конференц-залында «ЖЭК аукциондық сауда тетігін енгізу» тақырыбында Hard Talk басталды. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы, Еуропалық Одақ, USAID және KAZENERGY қауымдастығымен бірлесе отырып.
2018 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде жұмыс істейтін түрлендіргіш объектілердің құрылысы бойынша жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық саудалар өткізілетіндігі мәлім. Іріктеуге жоспарланған қуаттылықтың жиынтық көлемі 2018 жылы 1000 МВт құрайды.
Осыған байланысты аталған іс-шараның басты міндеті жеке сектор инвестициясын бұғаттайтын негізгі тосқауылдарды анықтау және аукциондардың жаңа жүйесінде ЖЭК-ті қолдаудың жақсы жұмыс істейтін және тұрақты жүйесін құру арқылы Қазақстанда ЖЭК саласындағы әлеуетті іске асыру әдістері туралы ағымдағы ұлттық диалогқа жәрдемдесу болып табылады.
Осы іс-шараның нәтижесінде қатысушыларда ашық түрде пікірлерімен алмасуға және ЖЭК секторына инвестициялауға кедергі болатын негізгі проблемаларды айқындауға, сондай-ақ оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынуға мүмкіндік беріледі.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметінің байланыс нөмірлері: 78-68-83, 78-69-97, 976883@gmail.com.