Меню

Страницы

Статья

2018 жылғы 26-27 сәуірде Астана қаласының THE RITZ CARLTON қонақүй конференц-залында«ЖЭК аукциондық сауда тетігін енгізу» тақырыбына Hard Talk өтетін болады

2018 жылғы 26-27 сәуірде  Астана қаласының THE RITZ CARLTON қонақүй конференц-залында«ЖЭК аукциондық сауда тетігін енгізу» тақырыбына Hard Talk өтетін болады, оның ұймдастырушылары БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясымен, Еуропалық Одақпен, USAID және KAZENERGY қауымдастығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі болып табылады.

2018 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде жұмыс істейтін түрлендіруші объектілерінің құрылысы бойынша жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық саудалар өткізілетіндігі мәлім. Іріктеуге жоспарланған қуаттылықтың жиынтық көлемі 2018 жылы 1000 МВт құрайды.

Осыған байланысты осы іс-шараның басты міндеті жеке сектор инвестициясын бұғаттайтын негізгі тосқауылдарды анықтау және аукциондардың жаңа жүйесінде ЖЭК қолдаудың жақсы жұмыс істейтін және тұрақты жүйесін құру жолымен Қазақстанда ЖЭК саласындағы әлеуетті іске асыру әдістері туралы ағымдағы ұлттық диалогқа жәрдемдесу болып табылады.

Осы іс-шараның арқасында қатысушылардың пікірлерін ашық түрде алмасу және ЖЭК секторына инвестициялауға кедергі болатын негізгі проблемаларды айқында, сондай-ақ оларды шешудің тиімді жолдарын ұсыну мүмкіндігі болады.

Сізді осы семинарға қатысуға шақырамыз және қызығушылық танытқан жағдайда, өз кандидатураңызды 20 сәуірге дейін b.tazhmakina@energo.gov.kz мекенжайы немесе + 7 7172 740944 телефоны бойынша Тажмакина Балтуғанға жіберуіңізді сұраймыз.Семинарға қатысу үшін төлем талап етілмейді және тіркелуді растау қажет.

Hard talk (zip, 10 mb)  Hard Talk 

Дата публикации
26 апреля 2018
Дата обновления
26 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы