(ЖЭК жобалары үшін аукциондық бағаны индекстеу)
Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласына инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұлттық валютаның айырбасталатын валютадан 70%-ға, ал тұтыну бағасының индексіне (ТБИ) 30%-ға өзгерісін ескеретін аукциондық бағаны индексациялаудың қолданыстағы формуласына өзгеріс енгізілді.Осы өзгеріс ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын ұлғайтады, сондай-ақ инвесторларға шетелдік валютада арзанырақ қарыздық қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларынан үзінді:«Шетелдік валютада несиелік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарғашаққандағы айырбастау бағамының өзгеруінескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:

Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;
ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;
USDt+1 – индекстеу жүргізілетін жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақпаратына сәйкес анықталған теңгенің АҚШ долларына қолданыстағы құны;
USDt – алдынғы индексациялау жүргізілген мерзімнен он екі ай кезеңіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақпаратына сәйкес анықталып есептелген теңгенің АҚШ долларына орташа құны.».