Меню

Страницы

Статья

ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және «Шелл» компаниясы арасындағы ҚР жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны іске асыру жөніндегі меморандумға қол қою туралы

Астана, Қазақстан Республикасы, 17 мамыр 2018 ж. Бүгін Астана экономикалық форумы шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және «Шелл» компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – «Мектептерге күн энергиясы» пилоттық жобасын іске асыру. Жоба шеңберінде Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектр жүйелерін орнату көзделген.

Меморандумға ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев, «НЗМ» ДБҰ Басқарма төрағасы К. Шәмшидинова және Қазақстандағы «Шелл» концернінің вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар мырза қол қойды.

«Мектептерге күн энергиясы» жобасына 2016 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Шелл» компаниясы бастамашылық жасады.

Аталған пилоттық жоба Қазақстан үшін бірегей жоба болып табылады. Жоба жалпыұлттық масштабта бөлінген энергияны өндірудің шағын жобалары саласын дамытуға бағытталған. Оның мақсаты – Республиканың «жасыл экономикаға» көшуі бойынша іс-қимылдарын одан әрі қолдау. Жоба сонымен қатар кіші және орта бизнестің әлеуетін дамытуға жәрдемдесуге, сондай-ақ нақты ғылымдарды (STEM: ғылым, технологиялар, инжиниринг және математика) зерделеу бағдарламаларына жас ұрпақтың қызығушылығын ынталандыруға бағытталған.

Меморандумға қол қою рәсімінен соң тараптардың өкілдері Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуда аталған бастаманың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Мектептерге күн энергиясы» бастамасы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ҚР Энергетика министрлігі мен «Шелл» компаниясы арасындағы табысты ынтымақтастық нәтижесінде туындады. Осы Жобаны іске асыру еліміздің аймақтарында қуаты аз жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын қондырғыларды одан әрі пайдалану үшін өзіндік платформаға айналатындығына сенеміз және осылайша елде парниктік газдардың шығарындыларын азайту мен жаңартылатын энергия көздері саласында нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша Үкіметтің жұмысына өз үлесін қосады деп үміттенеміз», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

“Біз компаниямыздың Қазақстандағы 25 жылдық жұмыс барысында «Шелл» және Қазақстан Республикасы арасында қалыптасқан әріптестік өзара қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Біздің компания Қазақстан Республикасымен өзінің стратегиялық альянсын одан әрі тереңдетуге ниетті. Қол қойылған меморандумның нәтижесінде Республиканың «Жасыл экономикаға» өту ниетін қолдау мүмкіндігіне ие болғандығымызға қуаныштымыз және аталған мақсаттарға жетуде осы жоба лайықты үлес қосатындығына сенімдімін», - деп атап өтті Қазақстандағы «Шелл» концернінің вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар.

«Осы Меморандум шеңберінде біз күн фотоэлектр жүйелерін мектеп шатырларына қондыру бойынша ынтымақтастық жасайтын боламыз. Аталған жоба жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдаланудың жақсы үлгісі болады және болашақта еліміздің өзге аймақтарында да кеңінен тарауы мүмкін»,- деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

«Мектептерге күн энергиясы» жобасы STEM-білім беру тәсілдері белсенді енгізіліп жатырған Зияткерлік мектептер үшін үлкен маңызға ие. Зияткерлік мектептер тұрақты дамудың барлық басымдықтарын, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін таратуды қолдайды. Оқу орындарында күн фотоэлектр жүйелерін енгізу – стратегиялық дұрыс болып табылады, себебі табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды және экологиялық жауапкершілікті мектептер қалыптастырады», - деп айтты «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқармасының төрағасы Күляш Шәмшидинова.

Анықтама үшін:
«Шелл» – энергетикалық және мұнай-химиялық компанияларды біріктіретін халықаралық концерн. Оның штаб-пәтері Гаагада (Нидерланд) орналасқан. Қазіргі уақытта «Шелл» Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. «Шелл» концерні төрт жобаға қатысады. Олар – Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі 16.81%), Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Жемчужина» лицензиялық учаскесін игеру бойынша ӨБК (қатысу үлесі 55%), Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім, және қазақстандық мұнайды әлем нарығына жеткізетін Каспий құбыр консорциумы (қатысу үлесі 7.4%).

Дата публикации
17 мая 2018
Дата обновления
25 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы