Меню

Страницы

Статья

2018 жылғы 21- 23 мамырда Санкт- Петербургте Петербург халықаралық экономикалық форумының қарсаңында «Дворец Конгрессов» Мемлекеттік кешен аумағында «Жасыл экономика»...

2018 жылғы 21- 23 мамырда Санкт- Петербургте Петербург халықаралық экономикалық форумының  қарсаңында «Дворец Конгрессов» Мемлекеттік кешен аумағында «Жасыл экономика» атты XII Халықаралық Форум өтті, онда «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығының» басшысы Рапиль Жошыбаев жаңа орталықтың қызметі аясында Қазақстандағы жасыл трансформациялаудың жоспарлары туралы баяндады.

Форумның пленарлық отырысында Ресей Федерациясының, Алыс және Жақын шетелдердің атқарушы және заңдық биліктерінің өкілдері, ауыл және орман шаруашылығын тұрақты дамыту, энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділік, ағынды суларды тазалау, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу саласындағы перспективалық технологиялық шешімдерді инвестициялау, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықтағы технологиялар мен материалдар, қалалық және ауылдық мекендерді абаттандыру бойынша баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар Форум аумағында тақырыпқа сәйкес заманауи технологиялардың, тауарлар мен қызметтердің көрмесі ұйымдастырылды. Шараның қорытындысы бойынша инновациялық технологияларды енгізуге және қаралып отырған салаларды дамытуға бөгет болып тұрған мәселелер айқындалып, осы мәселелерді шешуге кешендік ұсыныстар әзірленді.

Қазақстан жасыл технологиялар саласында Ресей Федерациясымен, атап айтқанда, Мәскеу энергертика институтымен белгілі бір уағдаластыққа ие. Осылайша, Қазақстан Үздік қолжетімді технологиялар бюросымен бірлесе жұмыс жасайтын болады. Жақын арада Жасыл технологиялар мен инвестициялық технологиялардың халықаралық орталығы ең үздік қолжетімді технологиялар бойынша цифрлық форматта мәліметтер қоры мен тұрақты негізде жаңартылып тұратын жасыл технологиялар тізілімдемесін жасақтау жұмысын жүргізетін болады.  Мәліметтер қоры өндірушілер туралы толық ақпараттан, жүргізілген зертханалық- сынақ жұмыстары мен басқа да жүргізілген сараптамалар туралы мәліметтерден тұрады. Бүкіл әлем бойынша серіктестермен мәліметтер бойынша өзара алмасу болашақта жоспарланып отыр.  Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамытудың халықаралық талаптары жобаларына сәйкестілігін анықтайтын, донорлық қаржыландырудың құралдарын қолдану мақсатымен олардың потенциалы мен тиімділігін  бағалайтын, және де бизнеске түрлі мемлекеттік жеңілдіктер мен преференцияларды алуға мүмкіндік беруді ұсынатын жобалар мен компаниялардың универсалды «жасыл рейтингісінің»  көп сатылы жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Ескерте кетейік, 2018 жылдың мамырдың 17-ші жұлдызында GLOBAL SUMMIT CHALLENGES XI Астаналық Экономикалық Форумының аясында Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығының таныстыру рәсімі өткізілді.

Өткізілетін уақыты: 2018 жылғы 21- 23 мамыр

Өткізілетін орны: «Дворец Конгрессов» Мемлекеттік кешені, Санкт- Петербург

Байланысатын: Жамиля Нашекен, International Communications Manager, IGTIC баспасөз қызметі

Телефон: 8 701 741 10 07

Email: zhamilyanasheken@gmail.com

Дата публикации
23 мая 2018
Дата обновления
24 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы