Меню

Страницы

Статья

Астанада Қазақстанның Солтүстік аймағына арналған жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша екінші аукцион өтті

2018 жылғы 24 мамырда жалпы қуаты 50 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша Солтүстік аймаққа (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) арналған екінші аукцион өтті.
Компаниялардан 4 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 20-дан 50 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 127 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңге/кВт*cағ. 17,49 теңге/кВт*cағ. дейін болды.
Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мына қатысушы жеңімпаз болып анықталды:
1. «Жель электрик» ЖШС Қостанай облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы жобасымен 17,49 теңге/кВт*cағ. бағамен.

Келесі аукцион 2018 жылғы 28 мамырда өтеді.

Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығы) ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттық графигін қалыптастырды.
ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен аукциондық сауда-саттық графигіне сәйкес, ағымдағы жылы белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда, электр станцияларының түрлері бойынша:
• күн электр станциялары – 290 МВт;
• жел электр станциялары – 620 МВт;
• гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
• биоэлектр станциялары – 15 МВт.
«КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.

Дата публикации
24 мая 2018
Дата обновления
24 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы