2018 жылғы 5 маусымда Астана қаласында «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Президенті Вагит Алекперов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Жеңіс» блогы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған келісім тараптар консорциум қалыптастырып, белгіленген учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуін қарастырады.
2017 жылдың ішінде ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану саласында, соның ішінде геологиялық барлауда түбегейлі шаралар әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізгендігін атап өткен маңызды. Мұнайға бағаның төмендеуі жағдайында Жер қойнауы туралы кодекс пен Салық кодексінің нормалары инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған.
2018 жылғы 29 маусымда қолданысқа енгізілетін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің қабылдануы жер қойнауын пайдалану саласына, атап айтқанда геологиялық барлауға инвестицияларды жандандыруға маңызды түрткі болды.
Кодекс қолданысқа енгеннен кейін жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі, мерзімдер қысқарады (келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін), әкімшілік кедергілер төмендейді (құқықтық, экономикалық сараптамалар, келісімшарт жасасуға арналған жобалау құжаты алып тасталады).
Анықтама үшін:
«Жеңіс» блогы Каспий теңізінің қазақстандық секторында 75-100 м тереңдікте орналасқан. Жағаға дейінгі арақашықтық 80 км құрайды, Ақтау (Қазақстан) портына дейін – 180 км. Лицензиялық учаскенің ауданы 6 848 км2.ЛУКОЙЛ ЖӘНЕ ҚАЗМҰНАЙГАЗ КАСПИЙДЕГІ ЖОБА БОЙЫНША ҚАҒИДАТТАР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ