Меню

Страницы

Статья

Оңтүстік аймаққа арналған жалпы қуаты 20 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион өтті

2018 жылғы 6 маусымда Оңтүстік аймаққа арналған жалпы қуаты 20 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша тоғызыншы аукцион өтті.  

9 қазақстандық және Ресей, Қытай, Болгария, Франция елдерінің өкілдерін қоса алғанда шетелдік компаниялардан 12 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 3-тен 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 92,9 МВт құрады. Аукциондағы бастапқы баға – 34,61 теңге/кВт*cағ.
3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 28,00 теңге/кВт*cағ.-нан 34,56 теңге/кВт*cағ. дейін болды.

Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:

1. URBASOLAR SAS 5 МВт-қа 28,00 теңге/кВт*cағ. бағамен;

2. «ТехноБазальт» ЖШС 3 МВт-қа 28,99 теңге/кВт*cағ. бағамен;

3. Hydroenergy company JSC 10 МВт-қа 29,00 теңге/кВт*cағ. бағамен.

 

Келесі аукцион 2018 жылғы 7 маусымда өтеді.

 

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығы) ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттық графигін қалыптастырды.

ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен аукциондық сауда-саттық графигіне сәйкес, ағымдағы жылы белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда, электр станцияларының түрлері бойынша:

  • күн электр станциялары – 290 МВт;
  • жел электр станциялары – 620 МВт;
  • су электр станциялары – 75 МВт;
  • биоэлектр станциялары – 15 МВт.

«КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.

  

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Дата публикации
07 июня 2018
Дата обновления
24 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы