2018 жылғы 7 маусымда Оңтүстік аймаққа арналған жалпы қуаты 50 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша көктемгі топтаманың соңғы аукционы өтті.
12 қазақстандық және Ресей, Түркия, Қытай, Франция елдерінің өкілдерін қоса алғанда шетелдік компаниялардан 13 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 12,5-тен 50 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 542,5 МВт құрады. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 25,80 теңге/кВт*cағ.-нан 34,6 теңге/кВт*cағ. дейін болды. Шекті аукциондық бағаның мөлшері – 34,61 тг/кВт*сағ.
Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына қатысушы жеңімпаз болып анықталды:
1. «MISTRAL ENERGY» ЖШС 50 МВт-қа 25,80 тг/кВт*сағ. бағамен.
Келесі аукцион 2018 жылдың күзінде өтеді.
Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығы) ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттық графигін қалыптастырды.
ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен аукциондық сауда-саттық графигіне сәйкес, ағымдағы жылы белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда, электр станцияларының түрлері бойынша:
«КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі