2018 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде экологиялық ведомство құрылуының 30 жылдығын тойлауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Министрліктің ардагерлері, экология саласындағы қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдардың басшылары, орталық аппараттың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қ. Бозымбаев құттықтап сөз сөйледі. Қанат Бозымбаев өз сөзінде экологиялық ведомство атқарған жұмыстардың қорытындысын жасады.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында ең алғашқы болып қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету бойынша заңнамалық шаралардың негізін салған Экологиялық кодексті әзірледі.
Семей полигонын жабу, Арал теңізін қалпына келтіру бойынша белсенді іс-әрекеттер қабылдау, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Жасыл көпір» бағдарламасына бастамашылық етуі, парниктік газдардың шығарындыларын шектеу және 1990 жылғы базалық деңгейден 2030 жылға қарай шартсыз түрде 15 пайызға және шартты түрде 25 пайызға қысқарту бойынша Париж келісімінің міндеттемелерін алуы және халықаралық экологиялық конвенцияларды ратификациялауы Қазақстанның әлемдегі экологиялық жағдайды сақтап қалуға және жақсартуға қосқан айтарлықтай үлесі болды.
Қазақстанның 2016 жылы ЭЫДҰ-ның саяси құралы – «Жасыл өсу» туралы декларацияға қосылуы «жасыл» инвестицияларды ынталандыру арқылы «жасыл» өсу саясатын ілгерілетуге, «жасыл» өсуге кедергі келтіретін механизмдерді жоюға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.
ҚР Энергетика министрлігі қоршаған орта саласындағы саясат бойынша ЭЫДҰ комитетімен және Экология жөніндегі директоратпен өзара әрекеттестік бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, сонымен қатар аталған ынтамақтастық басым бағыт болып табылады.
Осылайша 2018 жылғы 16 сәуірде өткен (Париж) ЭЫДҰ комитеті отырысының қорытындылары ЭЫДҰ-ның мүше елдері ұлттық заңнаманы жетілдіруде біздің елімізге қолдау білдіруге қызығушылық танытып отырғандығын көрсетті.
2007 жылғы ҚР Экологиялық кодекс экологиялық реттеуге маңызды және оң өзгерістер енгізді, сондай-ақ құқықтық реттеудің тіке, экономикалық және ақпараттық құралдарына негізделген кешенді, салааралық нормативтік құқықтық базаға жылжу бойынша қадамдарды белгілеп берді
Қазіргі уақытта қолданыстағы экологиялық құқық бұзушылықтарды алдын алу шаралар жаңғыртуды талап етеді.
Осыған орай жаңа экологиялық кодексте табиғат пайдаланушыларға экологияға салу, ластағыш заттардың эмиссиясын азайту, табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялау экономикалық тұрғыдан қолайлы болатын жағдайларды қарастыру қажет.
Өз кезегінде бұл жаза мен айыппұлдардан бас тартуға және осы мемлекеттік мәжбүрлеу механизмін аса қажет жағдайда пайдалануға мүмкіндік береді.
Экологиялық заңнаманы өзектендіру сонымен қатар баламалы, «таза» энергия саласында, «жасыл» технологияларға инвестициялау, сондай-ақ кіші және орта бизнес субъектілерін кең ауқымда тарту арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи кәдеге жаратуда және өңдеуде прогрессті жүзеге асыруды қарастырады.
Осылайша, қолданыстағы ҚР Экологиялық кодексі неғұрлым озық, кешенді, жүйелі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи сын-тегеуріндерге сай келетін, сондай-ақ мемлекеттік реттеудің және басқарудың аса тиімді және таза жүйесін жасайтын жаңа кодекске алмастыруды қажет ететіндігі күмәнсіз.
Жаңа экологиялық заңнама қабылдау елімізге қоршаған ортаны қорғау мәселесінде айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев барша экологиялық жұртшылықты Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күнімен және мерейтоймен құттықтады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және биоресурс министрінің бірінші орынбасары М.Е. Жаркенов (1992-1998 жж.), Қазақстанның табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрі С.Ж. Дәукеев (1997 – 2000 жж.), Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрі А.М. Шоқпытов (2000- 2002 жж.) құттықтап сөз сөйледі.
Іс-шара қорытындысы бойынша сала ардагерлері, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арнайы 30 жылдыққа арнайы әзірленген «Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін тойлау шеңберінде Қазақстанның барлық аймақтарында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында балалар суретінің республикалық байқауы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген байқаудың 16 жеңімпазы салтанатты іс-шарада грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пресс-служба МЭ РК