2018 жылдың 11 маусымда ҚР Энергетика министрлігінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша халықаралық аукциондарының бірінші сессиясының қорытындылары жөнінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Аукциондық сауда-саттық «КОРЭМ» АҚ электронды сауда-саттық алаңы арқылы өткізілді. Аукциондық сауда-саттықтың өткізу барысын тексеру барлық аукциондық сауда-саттыққа қатысқан бақылау комиссиясымен қамтамасыз етілді. ҚР Энергетика министрлігінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бақылау комиссиясының құрамына кірді.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды бәсекелес іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттық механизмі, 2018 жылға дейін қолданыста болып, бастапқы кезеңде елімізде ЖЭК секторын іске қосуға мүмкіндік берген тіркелген тарифтердің орнына келді. Жаңа механизм ЖЭК объектілерімен өндірілген электр энергиясына әділ нарықтық бағаны анықтауға, әлеуетті инвесторларды іріктеудегі айқын процесті құруға және елдегі жаңартылатын генерация секторын дамытуға бағытталған салаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы Қазақстанда ЖЭК жобаларының белгіленген қуаты 1000 МВт көлемінде ЖЭК түрлері бойынша бөлінген:
• 290 МВт – күн электр станцияларын;
• 620 МВт – жел электр станцияларын;
• 75 МВт – су электр станцияларын;
• 15 МВт – биоэлектр станцияларын іске асыру ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейінгі кезеңде ЖЭК аукциондарының бірінші сессиясы өтті.
Инвесторларға аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін ЖЭК барлық түрлері: ЖЭС - 140 МВт, КЭС- 80 МВт, кіші СЭС -20 МВт және БиоЭС - 5 МВт. ұсынылды.
Аукциондық сауда-саттық қатысушыларынан жалпы жинақталған қуаты 959,7 МВт-қа өтінім ұсынылды, яғни қажетті сұранымнан (245 МВт) 4 есеге асты.
Көктемгі аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- екі жыл ішінде елімізде Алматы және Қызылорда облыстарында жалпы инвестиция көлемі 23 млрд.теңгені құрайтын жалпы қуаты 68 МВт 4 күн электр станциясы іске асырылатын болады;
- үш жыл ішінде Ақтөбе, Алматы, ШҚО, СҚО, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жалпы инвестиция көлемі 36 млрд.теңгені құрайтын жалпы қуаты 105,85 МВт 10 жел және 1 биогаздық электр станциялары іске қосылатын болады;
- 4 жыл ішінде Алматы облысында жалпы инвестиция көлемі 7 млрд.теңгені құрайтын жалпы қуаты 20,6 МВт 4 су электр станциясы іске қосылатын болады.
Осылайша, аукциондық сауда-саттыққа 53 қазақстандық және Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Франция және Болгария мемлекеттерінің шетелдік компаниялары қатысты.
Тарифтер жел электр станцияларына 20%-ға, кіші су электр станцияларына - 23%-ға, күн электр станцияларына – 25,5%-ға төмендеді. Қазірдің өзінде 19 компанияның 15 жылға жалпы қуаты 194,45 МВт-қа ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
Келесі аукциондарды өткізу 2018 жылдың қазан айына жоспарланып отыр.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі