Меню

Страницы

Статья

2020 жылы Қазақстанда 984 мың тонна көлемінде битум өндіру жоспарланған

2020 жылға ішкі нарықты битуммен қамтамасыз ету мәселесін талқылау бойынша ҚР Энергетика министрлігінде селекторлық кеңесі өтті, - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Кеңес ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың Төрағалығымен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің, облыстық әкімдіктер өкілдерінің, мұнай өнімдерін жеткізушілер мен өндірушілердің қатысуымен өтті.


Жыл сайын ішкі нарықты битуммен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында энергетика және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері битумды өндірудің бірлескен кестесін бекітеді.

Кестеге сәйкес 2020 жылға битумға деген қажеттілік 983,8 мың тоннаны құрады, оның 524,4 мың тоннасы республикалық желінің және 459,5 мың тонна жергілікті желі қажеттілігі.

ҚР Энергетика министрі мұнайды қайта өңдеу көлемі ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне, оның ішінде битумға деген қажеттіліктерге сәйкес бекітілетінін атап өтті. Жол компанияларының мазутты алу бойынша өз міндеттемелерін уақтылы орындамаған жағдайда сала үшін жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін және мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру бөлігінің жоспарлы көрсеткіштерге әсер етуі мүмкіндігі аталып өтті.

Ведомство басшысы республикалық және жергілікті желілер бойынша битумға қажеттілік туралы нақты деректерді және сатып алушылардан өтініштердің уақтылы және үздіксіз берілуін және олардың төленуін қамтамасыз ету жағынан жұмыстарды күшейту қажеттілігін атап өтті, себебі мұнай өңдеу зауыттарында битумның тұрақты өндірілуі мен жөнелтілуі бойынша жұмыстар осы жағдайға байланысты болады.

- Өтінімдерді беру кестесін және олардың орындалуын сақтамау мұнай өнімдерін қайта өңдеудің  барлық тізбегіне әсер етуі мүмкін, сондай-ақ құрылыс саласына теріс әсер етуі мүмкін. Осыған жол берген тұлғалар жеке жауапкершілікке тартылады.  Барлық уәкілетті тұлғалар, облыс әкімдерінің орынбасарлары жағдайды үнемі жеке бақылауда ұстаулары қажет. Бұл біздің алдымызға еліміздің жоғары басшылығының қойған тапсырмасы, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Дата публикации
20 февраля 2020
Дата обновления
20 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы