2018 жылғы 5-8 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің өкілдері Ташкентте өткен Орталық Азия елдерінің халықаралық экологиялық форумына (ОАЕХЭФ) қатысты.
Аталған Форум Өзбекстан Үкіметінің, Өзбекстан Республикасы экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитетінің және Орталық Азияның Өңірлік экологиялық орталығының қолдуымен өтті.
Форумға жалпы саны 300 адам қатысты – Орталық Азия елдерінің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетекші сарапшылар және табиғат қорғау секторы басшылары мен өкілдері.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан З.С. Жолдасов, Б.Д.Керей, Т.Шакирова, Н.Мұқаев, Д.Дөненбаев және А.Алмұханов қатысты.
ОАЕХЭФ-ның негізгі міндеті форумның осы жылғы басты тақырыбында қамтылған: «Қоршаған орта және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайту». Форум таныстырылым мен талқылаулар режимінде жұмыс жасады.
Энергетика министрлігінің өкілдері Форумның негізгі тақырыптық сессияларында баяндама жасады: биологиялық әртүрлілікті сақтау және қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту; тұрмыстық қатты қалдықтарды кешенді басқару; жаңартылатын энергия көздері және энергия тиімділік; су ынтымақтастығы.
