Меню

Страницы

Статья

22018 жылдың 25-26 маусымы аралығында Атырау қаласында «SMART OIL & GAS: Цифрландыру.Технологиялар. Көшбасшылық» ірі халықаралық салалық саммиті өтеді. Саммит цифрлық мұнай-газ саласында тәжірибе алмасу үшін 7 қатысушы елден өкілдерді жинайды.5-26 июня 2018 года в Атырау состоится крупнейший международный отраслевой саммит «SMART OIL & GAS: Цифровизация. Технологии. Лидерство», который соберет представителей из 7 стран-участниц для обмена опытом в сфере цифрового нефтегаза

«SMART OIL & GAS: Цифрландыру.Технологиялар. Көшбасшылық» Халықаралық саммиті 2018 жылдың 25-26 маусымы аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтеді.   

«SMART OIL & GAS Eurasia: Цифрландыру. Технологиялар. Көшбасшылық» саммитінің басты тақырыбы – мұнай-газ секторын цифрлық түрлендіру. Саммит бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның үздік тәжірибесін және ең соңғы технологияларды қолданудың, басқарудың цифрлық моделіне көшу жағдайында мұнай-газ өнеркәсібі компаниялары үшін тиімді стратегияларды анықтаудың әлемдік кейстері қарастырылады. 

Шетелдік және қазақстандық компаниялардың өкілдері ақпараттандыру саласындағы тәжірибелерімен бөліседі: 

  • Эйнар Ландре, АТ жетекші аналитигі,Equinor (Statoil), Норвегия;
  • Шаруль Рашид, құралдар мен басқару – бас инженер, Petronas, Малайзия;
  • Камран Гумматов, SAP техникалық тобының басшысы және АТ шешімдерінің бас әзірлеушісі,SOCAR Polymer, Әзірбайжан;
  • Евгений Питолин, Орталық Азия мен Моңғолиядағы Касперский Зертханасының басқарушы директоры;
  • Йорг Тейс, Мұнай, газ және химия бойынша қызметтің жаһандық басшысы
  • Болат Нысанбаев, «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
  • Талғат Махамбетов, «ҚазМұнайГаз» БӨ » АҚ Ақпараттық технологиялар және ТПБАЖ департаментінің директоры

және басқалар.

«SMART OIL & GAS Eurasia: Цифрландыру. Технологиялар. Көшбасшылық» саммитінің шеңберінде «Теңізшевройл» ЖШС-ның цифрлық кен орнынатехнологиялық туржәне мұнай-газ саласы кәсіпорындарының киберқауіпсіздігі жөніндегі көшбасшыларына арналған бағдарлама өтеді: «Kaspersky industrial cyber-security (KIPS) стратегиялық симуляциясы: «OIL AND GAS» сценарийі». Тренинг шеңберінде мынадай мәселелер қарастырылады:

  • • Энергетикалық кәсіпорынның киберқауіпсіздігіне қатысты стратегиялық тәсілге қалай қол жеткізуге болады?
  • • Технологиялық қорғаудың стратегиясы қандай?
  • • АҚ-қорғауға инвестициялық бюджетті қалай қалыптастыруға болады?
  • • Кəсіпорынға кибершабуыл жағдайында БАҚ өкілдерімен уақтылы жұмыс жасау қаншалықты маңызды?

Тренинг жетекшісі–Евгений Питолин, Орталық Азия мен Моңғолиядағы Касперский Зертханасының басқарушы директоры

Саммиттің әріптестері ABB және Касперский зертханасы сияқты цифрлық мұнай-газ және киберқауіпсіздік мәселелеріндегі шешімдер саласындағы ірі әлемдік көшбасшылар болып табылады.

Саммиттің ұйымдастырушысы - Redenex – энергиялық тиімді және цифрлық технологиялар, заттар интернеті, үлкен деректер, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық зерттеу компаниясы.

Қосымша мәліметтер мен тіркелу:

http://smartoilandgas.kz/

Қосымша ақпарат алу үшін Саммиттің ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:

Тел.: +7 (495) 780 7198 (Мәскеу)

Тел.: +7 (7172) 696229 (Астана)

E-mail: info@redenex.com

 

Дата публикации
18 июня 2018
Дата обновления
18 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы