Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Рәпіл Жошыбаев пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қызылорда облысына «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕ АҚ делегациясы іс-сапармен келді. Бағдарлама шеңберінде делегация мүшелері Арал өңірінде «жасыл» технологияларды енгізу жөнінде кеңес пен Қызылорда облысында инновациялық технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысып, өңірдің бірқатар объектілерін аралады.

Ресми кездесу барысында Рәпіл Жошыбаев «жасыл» энергетика, жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық орнатуының маңыздылығын атап өтті. 

«Техникалық және әкімшілік қолдау, сондай-ақ жасыл инвестициялық жобаларды сүйемелдеу шеңберінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстан өңірлерінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар жасыл технологиялар реестрін қалыптастыру және жүргізу, ал жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету шеңберінде өңірлік «жасыл жобалар картасын» әзірлеу жоспарлануда. Бұл жұмыс ҚР өңірлерінде әлеуетті төмен көміртекті жобаларды анықтап, жасыл жобаларды іріктеу әрі жүзеге асыру мақсатында бизнес үшін платформа жасақтауға жол ашады», - деді Рәпіл Жошыбаев.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірде «жасыл» экономикаға көшу және инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Мәселен, өңірде энергияны үнемдеу саласында қызу шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп, нәтижесінде көше жарығына электр энергия шығындары 12 % азайды. Қалдықтарды басқару саласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін компаниялар пайдаланылған автокөлік дөңгелектерін өңдеп, тротуар плиталары мен черепица шығарып, резеңке ұнтағы мен тамшылатып суару үшін пайдаланылатын жерасты құбырларының өндірісін қолға алды және т.б.

Кеңес қорытындысы бойынша Қызылорда облысында «жасыл технологияларды» енгізу және инвестицияларды, оның ішінде халықаралық инвестицияларды тарту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум тұрақты даму, экология, «жасыл» энергетика мен жаңартылатын энергия көздері, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі, цифрландыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекет етуді көздейді.

Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында делегация мүшелері Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қаланың объектілерін, автокөлік шиналарын өңдеумен айналысатын «Смарт Раббер» ЖШС және облыс орталығының бірқатар әлеуметтік және мәдени объектілерін аралады.

 

Байланыс телефондары: Жамиля Нашекен, International Communications Manager, IGTIC

Телефон: 8 701 741 10 07

Email: zhamilyanasheken@gmail.com

 

 

Дата публикации
18 июня 2018
Дата обновления
18 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы