Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2018 жылдың 19 маусымында сағат 15-00-де Энергетика министрі  Қ.А. Бозымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 - «Қазмедиа орталығы» ғимаратының Киноконцерттік залында өтеді. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында тікелей режим арқылы және «Bnews.kz» ақпараттық порталында онлайн-трансляция режимінде таратылады. Өңірлердегі тұрғындар үшін кездесуге тікелей қосылу арқылы Энергетика министрінің есебін облыстардың және Алматы қаласы әкімдіктерінің ғимаратында тыңдауға болады. Тұрғындар кездесуге қатысу үшін тиісті облыстың және Алматы қаласының әкімдіктеріне жүгіне алады. Отын-энергетикалық кешенді дамыту тұтынушыларды электр энергиясымен, көмірмен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау сапасын, әрі қарай газдандыру, мұнай өнімдерінің, сұйытылған мұнай газдың нарығын дамыту, экология және қоршаған орта сапасының мәселелерін қамтиды. Кездесу барысында белсенді қатысуға және Энергетика министріне жеке сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндік беріледі. Сұрақ қою және оған жауабын алу үшін онлайн режимде Энергетика министрлігінің ресми сайтында «Энергетика министрінің халыққа есеп беру кездесуі форумы» (http://www.energo.gov.kz) және «электрондық үкіметтің» веб-порталы (http://egov.kz) іске қосылды.

Толық ақпарат алу және ұсыныстарыңызды беру үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе электрондық мекенжайға: a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz, e.ermekuly@energo.gov.kz .

Дата публикации
19 июня 2018
Дата обновления
18 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы