2018 жылғы 19 маусымда 2019 жылдан бастап электр қуатының нарығын енгізуге дайындық шеңберінде Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Батыс аймағы үшін қуаттың имитациялық сауда-саттығы өткізілді. Бұл жұмыс электр энергетикасы нарығының алдағы жұмысының қатысушыларына кең ауқымда түсіндіруге және «КОРЭМ» АҚ бағдарламалық өнімін тестілеуге бағытталған.
БЭЖ-дың Батыс аймағына арналған қуаттың имитациялық сауда-саттығы мынадай бастапқы параметрлермен жүргізілді:
- шекті тариф – 700 мың теңге/МВт;
- аукционда сатып алынған қуаттылығы – 471 МВт;
- жеткізу мерзімі – 2011 ж. 01.01 бастап 2019 ж. 31.12 дейін.
Қуаттың имитациялық сауда-саттығын өткізу барысында энергия өндіруші ұйымдар 993 МВт жалпы көлеміндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға 9 өтінімді ұсынды.
Сауда сессиясының қорытындысы бойынша Бірыңғай сатып алушы 8 мәміле жасасты, жалпы көлемі 471 МВт, сатылмаған көлемі 522 МВт құрады. Қазақстан БЭЖ-інің Батыс аймағы бойынша орташа өлшенген бағасы 696 мың.тг/МВт құрады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі