Меню

Страницы

Статья

«КОРЭМ» АҚ (trade.korem.kz) сауда алаңында «Солтүстік-Онтүстік» транзит үшін қуаттың имитациялық сауда-саттығы өткізілді

2018 жылғы 21 маусымда 2019 жылдан бастап электр қуатының нарығын енгізуге дайындық шеңберінде Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік аймағындағы энергия өндіруші ұйымдардың «Солтүстік-Оңтүстік» транзиттік өткізу қабілеттілігі бойынша БЭЖ Оңтүстік аймағындағы  үшін қуаттың имитациялық сауда-саттығы өткізілді. Бұл жұмыс электр энергетикасы нарығының алдағы жұмысының қатысушыларына кең ауқымда түсіндіруге және «КОРЭМ» АҚ бағдарламалық өнімін тестілеуге бағытталған.

БЭЖ-дың Солтүстік аймағына арналған қуаттың имитациялық сауда-саттығы мынадай бастапқы параметрлермен жүргізілді:

- жарияланған бағалар «солтүстік аймақта» ішінара сатылған / сатылмаған көлемдерден аспады;

- аукционда сатып алынған қуаттылығы – 1200 МВт;

- жеткізу мерзімі – 2011 ж. 01.01 бастап 2019 ж. 31.12 дейін.

Қуаттың имитациялық сауда-саттығын өткізу барысында энергия өндіруші ұйымдар 2626 МВт жалпы көлеміндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға 5 өтінімді ұсынды.

Сауда сессиясының қорытындысы бойынша Бірыңғай сатып алушы 3 мәміле жасасты, жалпы көлемі 1200 МВт, сатылмаған көлемі 1426 МВт құрады. Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік аймағы бойынша орташа өлшенген бағасы 590 мың.тг/МВт құрады.

Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілеті бойынша имитациялық сауда-саттық қорытындысы бойынша Оңтүстік аймақ үшін конкурсқа қатысуға құқығы бар қатысушылар ЕЭК Солтүстік аймағына қарағанда бағаларды ұсынбауға тиіс.

 

 ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

 
Дата публикации
21 июня 2018
Дата обновления
18 февраля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы