2018 жылғы 22 маусымда 2019 жылдан бастап электр қуатының нарығын енгізуге дайындық шеңберінде Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Онтүстік аймағы үшін қуаттың имитациялық сауда-саттығы өткізілді. Бұл жұмыс электр энергетикасы нарығының алдағы жұмысының қатысушыларына кең ауқымда түсіндіруге және «КОРЭМ» АҚ бағдарламалық өнімін тестілеуге бағытталған.
БЭЖ-дың Онтүстік аймағына арналған қуаттың имитациялық сауда-саттығы мынадай бастапқы параметрлермен жүргізілді:
- солтүстік аймақтың қатысушылардың көлемін сату құқығына бағаланған бағалары олардың оңтүстік аймағында солтүстік аймақ үшін бірдей бағаны асырмады;
- онтүстік аймағында қатысушылардың шекті тариф – 700 мың теңге/МВт;
- аукционда сатып алынған қуаттылығы – 2932МВт;
- жеткізу мерзімі – 2011 ж. 01.01 бастап 2019 ж. 31.12 дейін.
Қуаттың имитациялық сауда-саттығын өтізу барысында энергия өндіруші ұйымдар 2450 МВт жалпы көлеміндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға 11 өтінімді ұсынды.
Сауда сессиясының қорытындысы бойынша Бірыңғай сатып алушы 11 мәміле жасасты, жалпы көлемі 2450 МВт, сатып алынбаған көлемі 482 МВт құрады. Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік аймағы бойынша орташа өлшенген бағасы 634 мың.тг/МВт құрады.
Қазақстан Республикасы «Электр энергетикасы туралы» Заңының 15-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес электр энергетикасының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің жалпы көлемі электр энергиясының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетудің жалпы көлемінен кем болған жағдайда бірыңғай сатып алушы сауда-саттық өткізу құқығынсыз келісімшарт жасасады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі